«Зерделі» оқушылары биыл да жеңіс тұғырында

3813
Adyrna.kz Telegram

"ZERDELI" ақыл-ой дамыту орталығы нарықта оныншы жыл қатарынан жұмыс атқарып жатқан, оқушыларды ҰБТ, НЗМ, РФММ-ға дайындайтын орталық. 

"ZERDELI" ақыл-ой дамыту орталығының негізі 2009 жылы қаланды. 2014 жылы бас бөлімше құрылып, 2016 жылы екінші бөлімшенің лентасы қиылды.

Орталықтың басты мақсаты – баланы даму әлеміне енгізу болса, басты бағыты – балаға сапалы білім, саналы тәрбие беріп қана қоймай, оған қоса, баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Осы бағытты қолдану арқылы бала жігерінің дамуына, өз бетінше ізденуіне және жеке тұлға ретінде қалыптасуына басты назар аударады. “ZERDELI” ақыл-ой дамыту орталығының негізін қалаушы Ырысбек Мәуіт.

Ырысбек Мәуіт - ҚР Білім және ғылым министрлігінің екі мәрте Құрмет грамотасын иемденген белгілі математик. 

Бүгінгі күнге дейін орталықта 7964 оқушы білім алып, 1127 білім алушы дарынды балаларға арналған (НЗМ, РФММ, БИЛ) білім беру мекемелеріне түскен. 205 тәжірибелі мұғалім қызмет атқарып, 1822 түлектің грант иегері атануына септігін тигізген.

Сонымен қатар орталық онлайн да білім береді. Дәрістерді кәсіби біліктілігі жоғары ұстаздар инновациялық интерактивті тақта көмегімен арнайы студияда тікелей эфирде өткізеді. Сабақ барысында мұғалімдер көпжылдық тәжірибесімен қатар заманауи технология мүмкіндігін пайдаланып қиын тақырыптарды қызықты әрі оңай тәсілмен түсіндіреді. Сондай-ақ олар аннимация мен иллюстрацияны қолданып шәкірттерге өткен сабақтан жақсы нәтиже шығаруға жағдай жасайды. Оқытудың бұл жүйесі онлайн сабақ уақытының жалпы ұзақтығын қысқартуға септігін тигізеді. Себебі ұзақ уақытты онлайн дәрістер оқушыны шаршатып, сабақ оқуға деген құштарлығын жоюуы ықтимал.

Басты бет

Биыл "ZERDELI" ақыл-ой дамыту орталығының білім алушылары тағы шыңнан көрінді. НЗМ-ға түскен оқушылардың тізімін ZERDELI-нің оқушылары бастап тұр. Орталықтың негізін қалаушы Ырысбек мырза өзінің әлеуметтік желісінде НЗМ-ға түскен оқушыларды құттықтап, ерекше қуанышын білдірді. Онда ол:

"НЗМ нәтижелері шықты! Елімізде 26-27 мамыр күндері өткен Назарбаев зияткерлік мектептеріне қабылдау емтиханының нәтижелері жарияланды. Зерделі шәкірттері НЗМ-ге рекордтық ұпаймен қабылданғанын тізімнен көре аласыздар. Күні-түні талмай оқып, өз аңсаған армандары үшін тер төккен оқушыларыммен мақтанамын! Алда алар асуларың әлі биік болмақ. Республика бойынша тізімдегі ТОП-3 оқушы ЗЕРДЕЛІДЕН екенін оқып қуанып жатырмын. Сонымен қатар, Республика бойынша Серикова Назерке, қазақ топтары бойынша Еслям Нұрмұхамед 1-орында тұр. Біздің шәкірттерімізге қарқынды дайындалуға көмектесіп, қолдау көрсеткен ұстаздарымыздың үмітін ақтаған оқушыларымыз бен ата-аналарымызға алғысымды білдіремін. Бұл біздің білікті ұстаздар мен үздік білім беру жүйесінің және бiлімді шәкірттеріміздің ортақ жеңісі!  Жарайсыздар!" деп жазды.

НЗМ-ға түскен оқушылардың тізімін мына сілтеме арқылы көре аласыздар.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер