Елімізде нан бағасы өсті

3424
Adyrna.kz Telegram

Елімізде нанның бағасы бір жылда алты пайызға дейін қымбаттаған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Energyprom.kz»-ға сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, 2021 жылдың маусымында елдегі нан бағасы бір жыл бұрынғыға қарағанда 5,9 пайызға өскені белгілі болды. Нан түрлерінің ішінде қарабидай-бидай наны қатты қымбаттаған. Бағасы 9,2 пайызға өскен.

Сонымен қатар жаңа піскен нан өндірісі 21,3 пайызға, 266,6 мың тоннаға дейін азайған. Ал макарон өнімдері, кеспе, кускус және сол секілді ұн өнімдері 17,9 пайызға, 75,6 мың тоннаға дейін төмендеген.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер