Әлем бойынша 197 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған

3142
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/bes-8.jpg
Әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 197 390 740-қа жетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Вирус тарала бастағаннан бері COVID-19-ды жұқтарғандар саны 4 214 977-ге жетті. Worldometers ұсынған көрсеткіш басқа порталдардан озып тұр. Себебі, Джонс Хопкинс университетінің сайтында коронавирус инфекциян жұқтырғандар саны 196 628 018 деп көрсетілген. 15 миллионнан аса COVID-19 инфекциясын жұқтырған елдерге АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді. АҚШ-та COVID-19 жұқтырғандар саны - 35 584 272, қайтыс болғандар саны 628 492-ге жетіп, көшбасшы болып тұр. Үндістанда COVID-19 жұқтырғандар саны 31 572 344-ке жетті, ал қайтыс болғандардың жалпы саны - 423 244адам. Бразилияда пандемия кезінде ауырғандар саны - 19 839 369 адам, қайтыс болғандар саны 554 626 жетіп, үшінші орынға шықты. Бұған дейін Индонезия әлемде COVID-19-дан күнделікті өлім-жітім бойынша бірінші орынға шыққан болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии