Қытайдың батысы мен шығыс өңірлері шөл далаға айналып жатыр

4555
Adyrna.kz Telegram
Қытай ауылшаруашылығы жерлерінің көлемі бойынша әлемде бірінші орында тұрады екен. Ал, Қытай өзінің ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану жағынан да әлемнің көш басында тұрған ел. Ауылшаруашылығы өнімдерінің өндірісі бойынша да әлемде алдыңғы қатарда.
Қазіргі кезде Қытайдың батыс өңірлерінің шөлейтті далаға айналу процестері жылдам жүріп жатыр. Мұны мамандар Қытайдың заманауи технологияларды ауылшаруашылығы өндірісіне көптеп қолдануынан деп жорамалдауда. Батыс территорияларының жылдам шөл далаға айналуы Қытай өкіметінің басын ауыртып отыр. Қазір шөлді даланың Қытай бойынша үлесі 27 %-ға артқан.
2006 жылы Қытайдағы пайдалы қазбаларды өндіру процесі өте қарқынды жүріп, жылына 1000 шаршы метр жерді қопарып жатты. Осы факторлардың әсерінен қазіргі шөлді аймақтар көлемі 1000 300 шаршы шақырымға жеткен. Қазірдің өзінде ел ордасы Пекиннің өзіне 100 мыңдаған тонна құм ауамен ұшып келеді екен. Көшелердің көбісін құм мен шаң жауып, көлік қозғалысына анағұрлым зиянын тигізіп отыр. Жыл сайын Қытайдың 1300 км² жері шөлейтті далаға айналуы мүмкін деген де жорамалдар айтылуда.
Қытай билігі осы табиғи факторларды жою мақсатында ел бюджетінен миллиардтаған доллар қаражатты шығындауда. Дәл қазір қытайлық ғалымдар осы мәселемен бас қатырып, түрлі-түрлі өнертабыстар мен идеяларды жасап, өкімтке ұсынып жатыр.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
 
 
 
Пікірлер