Сұмдық: Павлодарлық әйел үш баласын, кейін өзін өлтірген

2200
Adyrna.kz Telegram

Павлодарлық әйел үш баласын өлтіріп, соңынан өзіне қол жұмсаған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Сұмдық оқиға былтыр қараша айында болған. Мәйіттерді жұмысынан оралған отағасы тапқан. Құзырлы органдағылар әйелді және оның 3, 5 және 7 жастағы балаларын өзге біреулер әдейі өлтіріп кетті деп күдіктенген еді. Алайда 9 айға жалғасқан тергеу жұмыстары нәтижесінде келіншек алдымен үш баласын қатыгездікпен мерт қылып, кейіннен өзіне қол жұмсағаны анықталды.

Қайғылы оқиғаға не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Анықталғандай, ерлі-зайыптылар арасында жанжал болмаған және бір күнде төрт отбасы мүшесінен айырылған ер адам полицияны өзі шақырған. 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер