Америка, Жапония, Германия, Оңтүстік Корея халықтарын мәңгүрт қылып жіберуге болады

3665
Adyrna.kz Telegram
Бүгін таңертеңмен мынадай постқа тап келдім.
Жалпы қоғамда болып жатқан нәрселерге, әсіресе әлеуметтік желіде қоғам бұзылды, бізге не болды деген көптеген жазбаны оқисыз...
Егер бұны зерттесек көптеген негатив, ұрыс керіс посттар я түнде, я күндіз түстен кейін жазылатынын байқайтын шығармыз... Әлеуметтік зерттеушілер назар аударарлық нәрсе..
Ұйқысы бұзылған адамның ойы тоқырайды, миына жақсы ештеңе кірмейтін, ізденіс пен ойлау қабілетінен айрылған ашуланшақ болады, сондықтан ғылым-білім дегеннен гөрі жеңіл нәрсеге әуестік пайда болады..
Ал АҚШ ғалымы Метью Уолкердің айтқанын мағынасын өзгертпей шамалы өңдеп жазсақ, мәңгүрттіктен бөлек "Егер сіздің ұйқыңыз бұзылса сіз міндетті түрде вирус жұқтырасыз, ол өршиді және вакцинадан да қайыр болмауы мүмкін".
Ал егер бүтіндей қоғамның, елдің ұйқы-сергектік режимін бұзсақ ше?
"Ондай халық ғылым да, білім де, атом қаруы мен сүңгуір қайық та керек емес, ештеңені қажет етпейтін, өз басымен өзі қайғы, ешкімге керек емес, тіпті өзіне өзі қажет емес тобыр ұлтқа айналады".
Бұл енді Ресейде хронобиолог ғалым В.Апрелевтің 2013 жылы айтқаны.
Меніңше бұндай ұлттың арманы ішіп жеу мен ойын-сауық, мақсаты бірін бірі күндеу мен жүндеу, іздегені өсек аяң болады..
Егер әлем мемлекеттерінің уақыт өлшемін бұзу мүмкіндігін берсе, онда олардың тек уақытын алға бір үш сағат жылжытып қана бас аяғы 100 жылдың ішінде Америка, Жапония, Германия, Израиль, Оңтүстік Корея мен тағы басқа ғылым білімі мен өндірісі дамыған елдердің халқын мәңгүрт, қолынан ештеңе келмейтін ұлт қылып беруге болады және де бұл қалжың емес, өйткені ғылым "қырта" бермейді...
Айтпақшы алысқа бармай-ақ қояйық, Өзбекстанның уақыт өлшемі дұрыс...
Болат НҰРҚОЖАЕВТЫҢ
фейсбук парақшасынан
Пікірлер