Бұлардың бәрі қазақтар! 99.9 емес, 100 пайыз өгей тілде сөйлейді

2625
Adyrna.kz Telegram
Компанияның офисінде тамақтанып отырмын. Бір кезде айналама теп-тегіс қазақтың жастары толды. Маңайымның бәрі теп-тегіс орысша сөйлеп жатыр. Бұлардың барлығы да қазақтар. 
Мынау жастардың бәрі тегіс қазақтар. Бірақ, 99.9 пайыз емес, шындығы керек, 100 пайыз өгей тілде сөйлейді. Өздерін өгей тілде сөйлегендерін мәдениет санайтын, ділі құрдымға кеткен қазақтың жастары.
Бұлар өгейлер, өгей елге қызмет етеді.
Құлдықпен күресетіндерден ең қиын нәрсе не деп сұрағанда:
-құлға өзінің құл екенін түсіндіру, деп жауап беріпті.
Қазақ тілін қазақтың өзі ғой қорлап отырған.
Осыны айтсаң, қазақ бол десең неге жағаңа жармасатынын түсіне алмай кететін шығармын.
Жүрегің ауырады.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер