Күнбағыс майы қымбаттады

4079
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/b0f9a29a-bab7-440a-af3d-428376b35dc1.jpeg
Күнбағыс майының құны бір жыл ішінде бірден 60 % қымбаттап шыға келген. Қазір, халық жиі тұтынатын тауардың бір литрі дүкен сөрелерінде салыстырмалы түрде 713 теңгеден саудаланып жатыр. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. Бірақ, ағымдағы жылдың 7 айында елімізде 93 мың тоннадан астам тазартылмаған күнбағыс майы өндірілсе де баға тұрақталар емес. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткіш. Айта кетейін биыл 37%-ке артық күнбағыс майы өндірілген. Ал, ең қымбат баға Түркістан облысында тіркеліпті. Оңтүстікте бұл тауар литріне 773 теңгеге саудаланып жатыр екен.
Комментарии