Сапархан Омаров жаңа қызметке тағайындалды

3358
Adyrna.kz Telegram

Сапархан Омаров «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы қызметіне сайланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«С. Омаровтың Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және астық саласын дамыту саласындағы көпжылдық нәтижелі қызметін, сондай-ақ астықты мемлекеттік сатып алу жүйесінде табысты тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. биылғы 28 шілдедегі № 227 бұйрығымен ҚР Үкіметінің келісіміне сәйкес, Омаров Сапархан Кесікбайұлы «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына сайланды»,— делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Омаровтың жұмысын сынға алып, оны ауыл шаруашылығы министрін қызметінен босатқан еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер