Токи-2020: Данияр Қайсанов жеңіске жетті

2523
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасының еркін күрес жарысында алғашқы қарсыласынан басым түсті, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

74 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Данияр Қайсанов 1/8 финалда Жапония чемпионы Кейсуке Отогуромен кездесіп, жеңіске жетті.

28 жастағы Данияр Қайсанов 2019 жылы Азия чемпионы атанып, сол жылы әлем чемпионатында қола медаль иеленген. Былтыр да құрлықтық жарыста топ жарған.

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Ал кеше боксшы Қамшыбек Қоңқабаев та жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде алған еді.

Пікірлер