Ауған үкіметі мен Талибан арасында АҚШ-тың ықпалымен келісім жасалды

3664
Adyrna.kz Telegram
Ауғанстан билігі Гильменд провинциясындағы кезінде АҚШ-тың қол астында болған 5000 адамды босатты. Оның ішінде Талибан ислам қозғалысы жасақтарының қатарында соғысқа қатысқан адамдар да көп. Бұл жайында The Wall Street Journal-да ақпарат таратып жатыр.
The Wall Street Journal-дің айтуынша, Талибан ислам қозғылысы көсемдернің бірі Мавлави Хибатулла Ахундзада да босатылған. Осы жолы Талибан қатарында ұрысқа қатысқан, қолға түскен мыңдаған адамдармен арада бейбіт келісімдер жасалды.
Алғашқыда Кабул Талибан қатарында соғыстарға қатысқан адамдарды босатқысы келмеген. Бірақ АҚШ-тың ықпалымен оларды тікелей босату жүзеге асырылды.
Ауған өкіметі мен Талибан ислам  қозғалысы арасында Ауған өкіметіне қарсы енді шабуылдар жасамау туралы келісім де болыпты. Бірақ Ауған өкіметі арадағы келісімдердің бұзылғанын алға тартып, сенімсіздік білдіріп отыр.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер