Атырауда Исатай ауданында екі учаскелік полиция пункті қолданысқа берілді

942
Adyrna.kz Telegram

Полиция пункттері Исатай ауданының Х. Ерғалиев және Тұщықұдық ауылдарында іске қосылды

    Басты ерекшелігі мұнда  - қызметкердің және оның отбасының өмір сүру жағдайлары қарастырылған тұрғын-жай бар. 

«Мұндай ғимараттың ашылуы – тұрғындардың қауіпсіздігі мен қоғамның тыныштығын сақтауға және қылмыстың алдын алуға зор ықпалын тигізері анық. 2018 жылы Атырау облысы әкіміне ұсыныс беріп, 34 учаскелік полиция пункттерінің жаңа ғимараттарын салуды жоспарлағанбыз, бүгінде жоспар бойынша 28 учаскелік полиция пункті пайдалануға берілді»– дейді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Учаскелік полиция пунктерінің ашылу салтанатына Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев пен Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов, ІІО-нің Исатай ауданындағы ардагерлері қатысты.

Айта кетейік, Атырау облысы аумағында соңғы екі жылда жанадан 28 учаскелік полиция пункттерінің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Ағымдағы жылы тағы 5 учаскелік полиция пункттері ашылады деп жоспарлануда.

 

Пікірлер