Токио-2020: Қоржынға бұл жолы алтын бұйыра ма?

3930
Adyrna.kz Telegram

Токио Олимпиадасында каратаэші Софья Берульцева алғашқы екі кездесуінде үш ұпай жинады, деп хабарлайды ЭК.

Ол каратэнің кумитэ санаты бойынша әйелдер арасында 61 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатыр.

Софья топтық кезеңде алдымен үш дүркін Еуропа чемпионы, әлем чемионатының екі дүркін жүлдегері түркиялық Мельтем Ходжаоглу жолықты. Тартысты жекпе-жекте екеуі де аянып қалмады. Сөйтіп, қызықты кездесу 5:5 есебімен аяқталды.

Отандасымыз одан кейін Еуропа ойындарының жеңімпазы, Италия спортшысы Сильвия Семерароның осал тұсын тапты. Қорытынды есеп — 5:1.

Енді Софья қарсыласы әлем және Еуропа ойындарының чемпионы Ирина Зарецкаямен (Әзірбайжан) жолығады.

Топтық кезеңдегі соңғы жекпе-жегін жапониялық Аюми Уэкусамен өткізеді. Олимпиададағы жүйе бойынша әрбір топта ең көп ұпай жинаған екі спортшы жартылай финалға жолдама алады.

Пікірлер