Атырау облыстық кардио орталықта 100 төсек-орынға арналған инфекциялық стационар ашылды

963
Adyrna.kz Telegram

Коронавирустық инфекция жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты резервтік стационар ашылды.

Облыстық кардиологиялық орталық аумағында 100 төсек-орынға арналған инфекциялық стационар ашылды. Жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарды қабылдау жалғасуда, олар үшін 50 төсек-орын бар. Тек пациенттерді жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу тоқтатылды. Олар уақытша учаскелік емханаларда мамандардың бақылауында болады,-деп хабарлады денсаулық сақтау мамандары.

Айта кетейік, соңғы тәулікте өңірде Covid-19 жұқтырған 154 адам анықталды. Оның ішінде 92 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Бүгінгі күні № 2 облыстық ауруханада 142 науқас емделуде.

Модульдік инфекциялық ауруханада 192 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта 50 адам, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 52 , 132 науқас аудандық инфекциялық стационарларда жатыр. 608 адам үй жағдайында емделуде.

Пікірлер