Атырауда көп балалы аналар наградталды

1359
Adyrna.kz Telegram

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген көп балалы аналарға Президент Жарлығына сәйкес «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларын табыстады.

–Халқымыз аналарды «бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербейді» деп ерекше құрметтеген. Отбасылық құндылықтарды жоғары қойған алтын құрсақты ананың тағылымды тәрбиесінің арқасында мемлекеттің абыройы асқақтайды. Қазір­гі таңда бала­ны дұрыс тәрбиелеу ең бірінші мін­дет. Тәуелсіз елдің ұрпақ­тары ертеңгі еліміз­дің үмі­тін ақ­тай­тын аза­мат­тар болсын деп ті­лей­мін – деді Самат Жұмабайұлы.

Пікірлер