АҚШ-тың Ресейге қарсы кезекті экономикалық санкциялары жарияланды

3189
Adyrna.kz Telegram
АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Ресейге қарсы кезекті экономикалық санкциялары жарияланды.
АҚШ Ресейдің бірнеше компаниялары мен мекемелеріне санкция жариялады. Мұның қатарында үш ірі жаппай қырып жою қаруларын шығаратын компаниялар кірді. Бұл жайында АҚШ-тың мемлекеттік департаменті хабарлады.
Осы жолы санкцияға «Пульсар» ғылыми-өндірістік мекемесі, Charter Green Light Moscow и Asia-Invest компаниясы, Иран, Сирия және КНДР-ге жаппай қырып жою қаруларын сататын компания - ОМУ (оружие массового уничтожение) кіріп отыр.
АҚШ-тың мемлекеттік департаменті қорғаныс мақсатында Ресейден осы қаруларды, және осы қарулардың лицензиясын сатып алған елдерге де қысым болатынын мәлімдеді.
Бұл қатарға Иран мен Сирияның бірнеше мекемелері мен заңды тұлғалары да ілікті.
Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов мұны "Бұл Женева келісімінің бұзылуы мен Кремль мен Ақ Үйдің арасындағы дипломатияның қайта шиеленісуіне апарып отыр" деп атады.
Ашық деректердегі мәліметтер бойынша, «Пульсар» ғылыми-өндірістік мекемесі жартылай өткізгішті электрлі өнімдерді шығарады. Компания Charter Green Light компаниясы авиатасымалдаумен айналысады. Ал, Asia-Invest  компаниясы мұнай өнімдері қондырғыларын өндірумен айналысады. 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер