Еліміздің ең жас мәжілісмендері Шымкентте

1088
Adyrna.kz Telegram

Еліміздің ең жас Мәжілісімендері Мәди Ахметов пен Тілектес Адамбеков Шымкентте арнайы ат басын бұрды. Іс-сапар барысында халық қалаулылары «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастарды қолдау» кеңесінің отырысына қатысты. Жиын барысында депутаттар жас кәсіпкерлермен тілдесіп, олардың талап-тілектерін тыңдады.

Кеңес отырысына Жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Мәди Ахметов арнайы қатысты. Төраға аймақтағы  айтулы мәселелерге құлақ түріп, өз ойын ортаға салды. Жиында  азаматтық белсенділік, жастарды жұмыспен қамту және бизнесті өркендету сынды тақырыптар қаралды.

Мәди Ахметов – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Сондай-ақ, халық қалаулылары М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың жаңадан бой көтерген жатақханасының құрылысымен танысты. 5 қабатты студенттер үйіне депутаттар оң баға берді. Жауаптылардың айтуынша, жатақхана ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Қайрат Нұрманбетов – М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың бірінші проректоры

Мәжілісмендер мен қалалық кеңес мүшелері іс-сапарын Асар-2  тұрғын алабында жалғастырды. Ондағы жас отбасылар мен жастарға берілген пәтерлердің сапасымен танысып, тұрғындармен тілдесті. Өз кезегінде тұрғындар да мұқтаждықтарымен бөлісті.

Айгүл Қораласбаева – қала тұрғыны

Жергілікті депутаттар тұрғындар өтініші қыркүйек айында орындалып, мұнда жаңа спорт алаңшасы салынатындығын айтты. Елордалық өкілдер үшінші мегаполисте көтерілген мәселелер жерде қалмайтындығын жеткізді.

Перизат Ортай 

Пікірлер