Шымкенттегі ауыз сумен қамтуда 14 жоба іске асырылуда

1136
Adyrna.kz Telegram

Президенттің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қала дамуындағы негізгі мәселенің бірі - инженерлік инфрақұрылым екенін атап өтті.Оның айтуынша, қаланың 75 пайызы жеке тұрғын үйлерден және шағын елді мекендерден құралады. 81 елді мекеннің 41-і жаңадан қосылған, инфрақұрылымдық ахуалы күрделі аумақтар.«Инфрақұрылымдық даму қаланың 5 жылдық жоспарында қамтылған.

Бірінші кезекте, халықты сапалы ауыз сумен қамту назарға алынды. Бүгінгі таңда 5 елдімекен жартылай,  7 елдімекен су тасымалымен қамтылған. Үкімет қолдауымен 16 млрд. теңгеге 14 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде ауыз су мәселесі 2023 жылы толығымен шешілед»,-деді қала әкімі. Қала басшысы сондай-ақ кәріз жүйесі мәселесіне де тоқталып өтті.  Оның айтуынша, шаһардағы 63 елді мекенде кәріз жүйелері жоқ.  Қолданыстағы шайынды су тазарту кешенінің қуаты жетпейді. Биыл 13 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде, кәріз жүйесімен қамту деңгейі 54 пайызға жетеді.

ШЫМКЕНТ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫ МАҚСАТ ТҰТАДЫ

Қала жолдарының ұзындығы – 3 247 шақырым. Оның  37 пайызында асфальт төселмеген. Биыл 163 көшеде күрделі және орташа жөндеу жұмыстары басталды. Нәтижесінде, қанағаттанарлық жолдардың үлесі  64 пайызға жетедіСонымен бірге әкім 16 елді мекенде электр энергиясының сапасы төмен екенін айтып, осыны жою мақсатында биыл осы салада 14 нысанның құрылысы басталғанын мәлім етті. Халықты сапалы электрмен қамту мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі. Ал, 33 елдімекен табиғи газбен жартылай қамтылса, 8 елдімекенге газ тартылмаған. Газ тарату станцияларының қуаттылығы жеткіліксіз. Биыл газбен қамту бойынша 18 нысанның  құрылысы жүргізілуде. Газдандыру мәселесі 2023 жылы толығымен шешіледі.

 

Пікірлер