Ертедегі Мысырдағы Бейбарыс сұлтанның оюы

5564
Adyrna.kz Telegram

Бейбарыстың оюы

Каир қаласындағы 970 жылдары ашылған Әл-әзхар университетінің мешітін аралап жүргенімде есіктерінің төбесіндегі мына қазақы ою-өрнектерді көріп таң-тамаша болдым. Сөйтсем бұларды Бейбарыс Сұлтан 1260 жылдары мешітке реставрация жасатқанда қойдырыпты.

...Қайран бабам, мен сені тек жүрек жұтқан батыр болған шығар деп жүрсем, сол жұтқан жүрегіңде еліңе деген сағынышты аялай білген романтик те болған екенсің ғой. Бұл оюларды не үшін жасаттың? Мешітке кірген сайын қошқар мүйіз оюларды көріп сағынышыңды басқың келді ме? Әлде бұл оюлар түбі кім екенімді, қайдан келгенімді ұмыттырмайтын естелік болсын деп жасаттың ба? Бәлкім бұл ою-өрнектер араға ғасырлар салып Дешті-Қыпшақ даласынан сені жоқтап келетін ұрпағыңа қалдырған хатың шығар?...

Кешеден бері ойымнан кетпей қойды. Бүгін күндіз барып видеоға да түсіріп алдым. Мешітті жалғыз жүріп, жақсылап араладым. Мешіттің күмбезі, мұнарасы бір төбе болса, ою-өрнектері бір төбе.

  1. S. Рухани имунитет қой, иә? Бір елге құл болып келесің де жылдар өткен соң сол елдің патшасы атанасың. Сөйтіп қандай да бір құрылыс бастала қалса сәулетшіге ғимараттарға қазақша ою-өрнектерді салуды бұйырасың.

Біздегі әсіре діншіл қазақтар қалай араб боламыз деп тыраштанып жүр ғой. Ал Бейбарыс Сұлтан болса XIII ғасырдың өзінде қалың арабтың арасында жүріп ою-өрнегін ұлтының әшекейі ретінде паш еткен ғой………..

 

Роман БҰРҚАШТЫҢ

фейсбук парақшасынан 

Пікірлер