Шымкент қаласының әкімі "Nur Otan" партиясының парламент мәжілісіндегі фракция мүшелерін қабылдады

1077
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясының фракция мүшелері Берік Бекжановты, Мұхтар Ерманды және Ғани Ташқараевты қабылдады.Парламент Мәжілісінің депутаттары сессия аралық кезеңде сайлаушылармен кездесулер өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған жол картасының орындалуын қадағалайды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымдағы I сессия барысында Парламент Мәжілісінің депутаттары 100-ден аса заң жобаларын қарап, 63 заң жобасы Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынылған. Халықпен тікелей өтетін кездесулердің белгіленген форматы елдегі эпидахуалға байланысты бұл жолы өзгеріп отыр. Басымдық құрылыс алаңдарында, еңбек ұжымдарында, өзекті мәселелер санатындағы объектілерде шағын ғана топтармен өтетін кездесулерге берілмек. «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы да партияның сайлауалды бағдарламасының негізінде қаланың дамуына ықпал ететін мәселелер бойынша жол картасы қабылданғанын, оларды табысты іске асыруға мемлекет қаржысының бөлінуіне Парламент депутаттары қолдау көрсетіп отырғанын жеткізді. Қала басшысы өз сөзінде партия филиалының нақты іс-қимылын айқындайтын бұл құжат қаланың тұтастай дамуына серпін беретінін айта отырып, алға қойған мақсаттардың орындалуына қоғамдық бақылау жүргізуге партия мүшелері белсенді түрде қатысуы керек, деді.

 

Пікірлер