Каратешілер келесі Олимпиада ойындарына қатыса алмайды

4335
Adyrna.kz Telegram

Халықаралық Олимпиада комитеті 2024 жылғы Олимпиадада ұсынылатын спорт түрлерінің тізімін бекітті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ресми сайтта жарияланған ойын бағдарламасында каратэ, бейсбол мен софтбол жоқ. Оның орнына брейк-данс, спорттық өрмелеу, скейтбординг пен серфинг қосылған.

Дүниежүзілік каратэ федерациясының өкілдері бұл спорт түрінің алғашқы Олимпиадалық көрсеткіштерінің нәтижелері болашақта ойындар тізімінде қалуға лайық екенін мәлімдеді.

"Біз бүкіл әлемге каратэнің ерекше спорт түрі екенін көрсеттік. Спорт әуесқойлары оның Олимпиадалық қозғалысқа әкелетін қосымша құндылықтарын тамашалай алды", - деді WKF президенті Антонио Эспинос.

Айта кетейік, Париждегі Олимпиада 2024 жылдың 26 шілдесінен 11 тамызына дейін өтеді деп жоспарланып отыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер