Сәкен Майғазиев қызметінен кетті

607

Әнші Сәкен Майғазиев басшылық қызметінен босатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

2020 жылы желтоқсанда "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" директоры болып тағайындалған әнші жеке өтініші бойынша қызметінен кетті.

"Майғазиев Сәкен Қордабайұлы шығармашылық жұмыстардың қарқын алуына байланысты "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" МКҚК директоры лауазымынан жеке өтініші бойынша өз еркімен босатылды", - делінген қалалық мәдениет басқармасы таратқан ақпаратта.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар