Қайрат командасы Люксембургтің "Фоласын" жеңіп, топтық кезеңге өтті

4963
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/04e93cdb-2100-44a1-8269-31845933746c.jpeg
Алматылық "Қайрат" Конференция лигасы плей-офф кезеңінің бірінші матчінде Люксембургтің "Фоласын" жеңіп, турнирдің топтық кезеңіне бір қадам жақындады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Люксембургте өткен кездесу 4:1 есебімен аяқталды. Алматылықтар сапынан Вагнер Лав 37 және 70-минутта гол соқты, бразилиялық шабуылшы екінші голын пенальтиден салды. Артур Шушеначев (28-минут) пен Рикардо Алвеш (43 -ші) бір мәрте көзге түсті. "Фоланың" жалғыз голын 19-минутта Мирза Мустафич салды.
Қарымта кездесу 26 тамызда Алматы Орталық стадионында өтеді, матч елорда уақытымен 20:00-де басталады. Бұл жұптың жеңімпазы Конференция лигасының топтық кезеңінде ойнайды.
Еске салайық, мұның алдында қарағандылық "Шахтер" Нұр-Сұлтанда Тель-Авивтің "Маккаби" клубынан 1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Комментарии