Атырауда жарымжан балаларға қысым көрсеткендер жауапқа тартылды

2872
Adyrna.kz Telegram

Жарымжан балаларды байлап, қысым көрсеткендер жауапсыз қалмайды. Кеше эфирден көрсеткен материалға байланысты құзырлы органдар тексеріс бастады. Атырауда мүмкіндігі шектеулі балаларды азаптаған арнайы орталықтың басшысына қатаң сөгіс жарияланса, тәрбиешілерге қатысты тергеу жүргізілуде.

Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. 

АЛЬФИЯ ТӨРЕҒАЛИЕВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

"Қатаң сөгіс берілді. Өйткені өзінің лауазымдық міндеттерін жауапкершілікпен орындамағаны үшін. Қазіргі таңда осы видеоға байланысты Атырау облысының тергеу жұмыстары жүріп жатыр".

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ - АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

"Интернаттағы балаларды азаптау яғни оларды байлап ұстау жөніндегі видеоға байланысты 31 шілдеден бастап Қылмыстық Кодекстің 110 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алайда қазіргі таңда қылмыстық іске күдікті ретінде танылған 2 тәрбиешісі КороноВирустың инфекциямен ауырып жатқандықтан, олар ем алып жатқандықтан сәл тоқтап тұр".

Естеріңізге салсақ, Атыраудағы арнайы орталық қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балалардың аяқ-қолын байлап, қысым көрсетіп жатқан видео әлеуметтік желіде тарады. Анықталғандай жантүршігерлік кадрды арнайы әлеуметтік мекеменің бұрынғы қызметкері түсірген. Десек те, арнайы орталық басшысы тәрбиешілер мұндай қатыгездікке бармайтынын айтып, керісінше бұрынғы қызметкерді айыптап отыр.

ГҮЛЖАН ҚАЗИЕВА - №3 АРНАУЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

"Біздің орталықта ұрлық фактісі орын алды. Кейіннен Ұлбикенің бұған қатысы барын екенін видеодан көріп, анықтап. ІІШ басқармасына талап, арыздарымызды бердік. Кейіннен бұл іс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментімен тергеп, тексеріп, қазір прокуратураға жолданды".

Пікірлер