Нилуфар Раимова әлем чемпионы атанды

4107
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/500_61209752813f8.jpg
Күрес түрлерінен Уфада өтіп жатқан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына алтын жүлде түсті деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Olympic.kz-ке "сілтеме жасап. Әйелдер күресінде 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нилуфар Раимова әлем чемпионы атанды. Ол финалда италиялық Аврора Руссмен кездесіп, 8:6 есебімен жеңіске жетті. Айта кету керек, кездесу барысында Нилуфар жеңіліп жатқан болатын. Алайда ол жеңіске деген жігерінің арқасында әлемдік сынның чемпионы атанып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии