2021 жылдың 7 айындағы жедел-тергеу қызметінің қорытындысы бойынша ақпарат

1906
Adyrna.kz Telegram

Есептік кезеңде ағымдағы жылдың 7 айында 84 (2020 ж. – 137) қылмыс тіркелген.
Ауыр құрам бойынша 56 қылмыс (2020 ж. - 86), аса ауыр құрам бойынша 5 қылмыс (2020 ж. – 2) тіркелді. Ал сыбайлас жемқорлыққа қатысты тіркелген қылмыстар саны - 66 немесе 78,3% (2020 ж. -103).

Есептік кезеңде қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлға саны – 147 (2020 ж. - 85), оның 19-ы бірінші басшы:

- 6 облыстық маңыздағы басшы
- 7 аудандық деңгейдегі басшы
- 5 қалалық деңгейдегі басшы
- 1 ауылдық деңгейдегі басшы

Есептік кезеңде «жүйелі» сыбайлас жемқорлықтың 8 дерегі анықталды. Кешенді іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 22 тұлға әшкереленді, 31 қылмыс тіркелді, 4 қылмыстық іс сотқа жолданды, 1 тұлға бас бостандығынан айрылды.

​Есептік кезеңде бақылаушы органдардағы лауазымды тұлғалар тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың 10 дерегі анықталды (24 қылмыс), 29 лауазымды тұлға қалмыстық жауапкершілікке тартылды, 9 кәсіпкерлік субъектілердің құқықтары қорғалды.

Мемлекеттік бағдарламаларды қолдау аясында – 18 қылмыс немесе 11 негізгі қылмыс тіркелді, оның 6,6-сы ӨБК (өнімді бөлу туралы келісім) жанында (2020 ж. – 32, негізгі 14), 2-еуі «Өңірлерді дамыту - 2020», 7-еуі білім беруді дамыту, 5-еуі «Бизнестің жол картасы», 2-еуі «Денсаулық», 1-еуі «Нұрлы жер», 1-еуі «ҚР индустриялық-инновациялық дамуы» аясында. 17 тұлға жауапкершілікке тартылды, келтірілген залал 133,3 млн. теңгені құрады, 113,1 млн. теңге өтелді.

Лауазымды тұлғалардың көлеңкелі экономика субъектілеріне көрсеткен қамқорлық дерегі бойынша 6 сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркелді. 4 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Коррупцияға қатысты 2 қылмыс айыптау актісімен жіберілді.
Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залалдың сомасы 812,5 млн. теңгені құрады. 792,1 млн. теңге өтелді, ол барлық залалдың 97,5 %.

Есептік кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық дерегін хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен 3 адамға 612 570 теңге сыйақы берілді (2020 ж. – 6 адам 1 078 180 теңге сомаға).

ҚР ҚІЖК 200-бабында көрсетілген алдын алу әдістерімен ықпал ету арқылы заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыстың мемлекеттік мекемелеріне мемлекеттік қызметшілер жасаған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы 56 ұсыныс енгізілді, оның 42-сі қаралып, 28 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды (8 ескерту, 13 сөгіс, 3 қатаң сөгіс, 2 лауазымнан босату, 2 жұмыстан шығару).
​Қойылған міндеттерге сәйкес біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша жоспарлы, ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз, «ANTIKOR LIVE» жобасы шеңберінде 19 кездесу өткізіліп, 19 ұсыныс қаралды.

Пікірлер