Паралимпиада-2020: Ержан Сәлімгереев финалға шықты

4511
Adyrna.kz Telegram

Ержан Сәлімгереев Паралимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында сынға түсіп жатыр.

Отандасымыз 33,14 нәтижесімен өз тобында үшінші, ал жалпы есепте жетінші орынға табан тіреп, ақтық сынға жолдама алды.

Финал бүгін 13:30-да өтеді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер