Қазақстан қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы Күштері бас штабының бастығы Мұрат Бектанов Қазақстанның Қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Бектанов Мұрат Кәрібайұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалсын», - делінген Ақорда жариялаған Жарлықта.
Бектанов Мұрат Кәрібайұлы 1965 жылы 18 қыркүйекте Солтүстік қазақстан облысы Соколовка ауылында дүниеге келген.
Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
1988 жылы Киевтік жоғары қарулы қолбасшылық училищесін тәмәмдады.
1989-1997 жылдары мотоатқыштар взводының командирі, десанттық-шабуылдау взводының командирі, десанттық-шабуылдау батальоны барлауының бастығы, Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі взводының, курсанттар ротасының командирі болған.
1997-1998 жылдары штаб бастығы - РҚҚ командирі орынбасары, кейін Қорғаныс министрлігінің жауынгерлік даярлық департаментінің офицері ретінде қызмет етті.
1998 жылдан 2000 жылға дейін - академия тыңдаушысы болды.
2000 жылы Қарулы Күштердің бас штабына Жедел жоспарлау департаментінің аға офицері ретінде кірді, 2005 жылы бас штабтың Әскери академиясының тыңдаушысы болып тағайындалды.
2007-2013 жылдары Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитетінің жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары, кейін департамент бастығы болып жұмыс істеген.
2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметін атқарды, 2016 жылы Қарулы Күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.
2019 жылдың сәуірінен бастап ҚР қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы Күштері бас штабының бастығы болды.
2020 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен оған генерал-лейтенант әскери атағы берілді.
"Адырна" ұлттық порталы