«Сәлем саған, Алтын ұя мектебім!»

5673
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Талдықорған қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Биыл 117 оқушы кешенді тесттен жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ҚР Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім грантын иеленді.

2020-2021 оқу жылында 67 түлек сыртқы бағалаудың қорытындысы бойынша жоғары нәтижені көрсетті, оның ішінде 19 түлек Назарбаев университетінің студенті атанса, 11 түлек АҚШ, Корея, Италия, Венгрия және Ресей жоғары оқу орындарына түсті.

Түлегіміз Ертанатов Сезім  әлемдегі ең беделді университет, Плющ Лигасының құрамына кіретін, атақты Гарвард университетінің грант иегері атанса, Жемісбек Дильназ әлемдік үздік жүздікке кіретін Кореяның  KAIST жоғары оқу орнының грант иегері атанды.

«Сәлем саған, Алтын ұя мектебім!» алғашқы қоңырау салтанатты жиыны Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өткізілді.

Мерекелердің символдық датасына орай Зияткерлік мектептің би ансамблі «Бірлік» биін ұсынды.

Барлық сыныптар үшін «Тәуелсіздік» және «Қауіпсіздік» сабақтары өткізілді.

Мектеп директоры Виктор Сосин Өркен грантының иегерлерін НЗМ атрибутымен сыйлап құттықтады.

 Сіздерді біздің мектептің қабырғасында, үлкен және мейірімді НЗМ отбасында қарсы алғаныма қуаныштымын. Бүгінгі күнді есте сақтауға тырысыңыз. Өйткені бүгін сіздер өміріңіздің жаңа бетін ашасыздар. Алдағы уақытта сіздерді көптеген жетістіктер мен жаңалықтар күтіп тұр. Оқуда сәттілік пен тамаша нәтиже тілеймін », - деді мектеп директоры Виктор Сосин.

Өркен грантының иегері Ақберен Болатхан екі жыл бойы Зияткерлік мектебіне түсу үшін дайындалды, себебі бұл оның арманы еді. НЗМ-ге түсуге деген ұмтылысын ата-анасы да, мұғалімдері де қолдады. Өйткені, Ақберен тек оқуға ғана емес, математикадағы олимпиадалық қозғалысқа қатысуға мақсат қоюда. Сонымен қатар, ол поэзияны жақсы көреді. Оның сүйікті авторы - Мұқағали Мақатаев. Ақберен адамның мүмкіндіктері шексіз деп санайды, сондықтан жетістікке жетелейтін мүмкіндіктерін жіберіп алмауымыз керек дейді өз сұхбатында.

 

Пікірлер