Қытай Компартиясының газеті қазақ тілінде сайт ашты

3049
Adyrna.kz Telegram

Қытайдағы Коммунистік партияның ресми газеті қазақ тілінде сайт ашты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап.

Газет сайтында басылымның 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап 12 шет тілінде жұмыс істейтіні жазылған.

"Халық газеті" сайтының сегіз айдары бар: Қытай, экономика, әлем жаңалықтары, Қытай-Қазақстан қатынастары, туризм, фото, спорт, мәдениет және ғылым.

Басылымды "Жэньминьван" (People Daily) газеті басқарады. Басшылық ҚХР мен тиісті аудандардың интернет-пайдаланушылары арасында қарым-қатынас пен өзара түсіністік жөніндегі жаңа платформа құру үшін белсенді күш-жігер жұмсайтынын атап өтті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер