Головкинге мансабының соңында үлкен тәуекелге бару ұсынылды

4528
Adyrna.kz Telegram

Boxingnews24.com журналисі Скотт Гилфойд қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) мансабының соңғы кезеңінде байыпты жекпе-жек өткізу керек деп есептейді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Автор бұл үшін идеалды қарсыластар ретінде американдықтар Деметриус Андраде (30-0, 18 КО) мен Джермалл Чарлоны (32-0, 22 КО) атайды.

"Егер Головкин кәсіпқой мансабындағы аз ғана уақытты пайдаланғысы келсе, оған орта салмақта WBO тұжырымы бойынша чемпион Деметриус Андраде немесе WBC чемпионы Джермалл Чарло сияқты боксшылар қажет. Бұл үлкен жекпе-жек болады, тіпті Головкин жеңілсе де, ол оларды қабылдауға батылдық танытқанын көрсетеді", - дейді Гилфойд.

Геннадий Головкинге келетін болсақ, ол орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер