2018 жылы Алтын Орданың соңғы ақыны Мұрат Мөңкеұлының 175 жылдығы тойланатын болады.

3035
Adyrna.kz Telegram
2018 жылы Алтын Орданың соңғы ақыны Мұрат Мөңкеұлының 175 жылдығы тойланатын болады.
Енді алдымызда Алтын Орданың соңғы ақыны Мұрат Мөңкеұлының 175 жылдығы келе жатыр. Руы Беріштің Қаратоқай бөлімі .Бұл – мемлекеттік деңгейде мән берілетін берекелі белес. Махамбет пен Мұрат секілді аса танымал ақындары бар Атырау бұған, әрине, зор маңыз беретіні анық. Махамбеттің жырын халыққа жеткізген Мұратты ел болып еске алайық, ағайын! Қазір Астана мен Атырауда, Орал қаласында ақын атындағы көше бар. Атыраудағы екі мектеп Мұрат Мөңкеұлының атымен аталады. Жырдың Жерұйығында тербелген Мұрат мектебінің өрендері де ақын өлеңдерін оқы дегенде іркіліп қала қоймас.
Сонымен, алдағы жыл – әйгілі «Үш қиян» толғауында «Садағын сала байланған, Астана жұртын айналған» деп жырлаған Мұратты ұлықтайтын жыл. Олай болса, мұратану мен мұраттанудың мамандарын іргелі істер күтіп тұр.

 Мадияр МЕҢДІБАЙ,

                                                                                         «Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер