Байзақ ауданындағы жарылыстан қаза тапқандар 16 адамға жетті

2619
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысы, Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстар салдарынан тағы бір әскери қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

- 2021 жылғы 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 1983 жылы туған, капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды - делінген хабарламада.

Ол  қоймадағы өртті сөндіруге кіріскен алғашқылардың бірі болып, оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған.

Еске салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысы, Байзақ ауданының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болғаны хабарланған еді. Салдарынан жалпы саны 16 адам қаза тапты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер