Белгілі философ ғалымның жұбайы өмірден озды

2659
Adyrna.kz Telegram

2021 жылдың 10 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті философия кафедрасының профессоры, философия ғылымының докторы, «Қазақ философиясы» интернет қауымдастығының төрайымы, белгілі ғалым Гүлжиһан Жұмабайқызы Нұрышеваның қырық жылдай бірге ғұмыр кешкен жұбайы Абдал Бердібекұлы Борамбаевтың мезгілсіз өмірден озуына байланысты факультет ұжымы мен факультеттің ақсақалдар алқасы қазаға қайғырып көңіл айтады.

Абдал Бердібекұлы 1954 жылдың ақпан айында дүниеге келген. Ташкент теміржол транспорты инженерлері институтының түлегі. Еңбек жолын 1976 жылы Батыс Қазақстан темір жолының Атырау бөлімшесінде электромеханик кәсібінен бастап, ұзақ жылдар еліміздің батыс және басқа аймақтарында түрлі жоғары лауазымды жауапты қызметтер атқарды.
Абдал Бердібекұлы зайыбы Гүлжиһан Жұмабайқызымен қос перзент өсіріп, немерелер сүйіп, тәрбиелеп отырған аптал азамат еді.

Марқұмның жаны жәннәтте, алды пейіш, арты кеніш болғай!

Пікірлер