Түркияда туристік автобус аударылды

3048
Adyrna.kz Telegram

Түркияның оңтүстік-батысында туристер мінген автобус аударылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Апат салдарынан кем дегенде 30 адам жарақат алды, деп хабарлайды Демирорен.

Оқиға Мугла-Денизли тас жолында жергілікті уақыт бойынша сағат 07:30 шамасында болған. Мектеп және туристік автобустар соқтығысты. Соңғысында Ресей мен Украинадан 41 турист болды, делінген агенттік хабарламасында.

Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан көліктердің бірінің жүргізушісі қайтыс болды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер