«Тәуелсіздік ұраным, ана тілім тұмарым» атты байқау өтеді

3252
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ қолдауымен Интернаттан кейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бейімдеу және қолдауға арналған іс-шаралар кешені» жобасы аясында, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының ұйымдастыруымен, жасөспірімдер мен жастар арасында эссе және өлең байқауы өтеді.

 

Байқаудың мақсаты:

  • Тәуелсіз Қазақ елінің ғаламдық өркениет пен мәдениет биігінде алар орнын шығармаға арқау ету, насихаттау;
  • Жас қаламгерлер арасынан тың талантттарды анықтау;
  • Қазақтың ұлттық әдебиетінің ізін жалғайтын өскелең ұрпақтың шығармашылық өнеріне қолдау көрсету;
  • Ғасырлар бойы бабалар арманы болған егемендік пен еркіндікке жеткен бүгінгі жас, тәуелсіз еліміздің іргетасын одан әрі бекемдеу, қазақ тілінің мәртебесін асыру бүгінгі жас ұрпақтың қасиетті парызы екенін тереңірек ұғындыру.
  • Ел ертеңі саналатын жастар мен жасөспірімдердің бойында патриоттық сезімдерін оятып, бейбітшілік пен берекелі өмірдің мәні мен маңызын эссе тілінде сөйлетіп, өлең тілінде асқақтату.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

– Байқауға 14 жастан бастап 29 жасқа дейінгі интернаттан кейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жастар қатыса алады.

– Тәуелсіздік тақырыбында 1 эссе немесе 2 өлең қабылданады. (Бірінші өлең – Тәуелсіз қазақ елін тақырыптық өзек етуі керек. Екінші өлең – еркін тақырып).

– Шығарма көлемі 3 беттен аспау тиіс (Times New Roman, 14 кегль).

– Шығармалардың тақырыптық, идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесіне баса назар аударылады.

– Жатқа оқу міндетті емес.

  • Байқауға ұсынылатын шығармалар қатысушы толтырған өтініммен бірге (№1 қосымша) 2021 жылдың 15 қыркүйегінен бастап 15 қазанға дейін qushaq.kz@gmail.com электронды поштасына қабылданады.
  • Байқау қорытындысы 2021 жылдың 20 қазанында жарияланады.
  • Қабылданған шығармалар qushaq.kz сайтына жарияланады.

Байқаудың жүлдегерлері үшін:

І орын – екеу (эссе және өлең)

ІІ орын – төртеу

ІІІ орын – алтау  қарастырылған.

Сонымен қатар, жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байланыс телефондары:

+77472771672

+77016283570

Пікірлер