Тәлібтер өзара қырқысуда

3702
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстанды тұтас жаулап алған "Талибан" қозғалысының арасында өзара қырқыс басталды. Бірнеше лаңкестік топтың басын құраған коалиция күштері билікке таласып жатыр. Олар Кабул, Қандағар және Мазари-Шарифті бақылау және салық пен кеденнен түсетін пайданы иемдену үшін күресуде. Тіпті Талибанның белді мүшесі Барадар өзара қырқыста қаза тапты деген де ақпараттар бар. 

Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде Барадар Катар Сыртқы істер министрімен кездесуге келмеген соң пайда болған. Молда өзінің жақтастары мен экстремистік "Хаккани желісінің" арасындағы қақтығыста өлтірілгені хабарланды. Топтың саяси бюросының өкілі Мохаммад Наим бұл қауесеттің шындыққа жанаспайтынын және Барадардың тірі екенін айтты. "Талибан" молда өзінің өлімі туралы хабарды жоққа шығаратын аудиожазбаны жариялады. Алайда ауғандықтар үкіметке сенбейді және дәлел ретінде видеоны талап етуде.

Сондай-ақ содырлардың өкілі Энамулла Самангани радикалды қозғалыстың бөлінуі туралы қауесетті жоққа шығарды. "Талибандар біртұтас, ал басшылық дін мен елге қызмет ету үшін күресуде, бізде қаржы мен байлыққа ашкөздік жоқ", - деп қорытындылады ол.

7 қыркүйекте "Талибан" Ауғанстанның жаңа үкіметінің құрамын жариялады. Мұхаммед Хасан Ахунд премьер -министрдің міндетін атқарушы болды. "Талибан" саяси кеңсесінің басшысы Абдул-Ғани Барадар оның бірінші орынбасары, Абдул-Салам Ханафи екінші орынбасары болып тағайындалды.

"Талибан" басшылығының өкілі Амир Хан Моттаки Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы болды. "Талибан" басшысының орынбасары Мұхаммед Якуб қорғаныс министрі болды. Ішкі істер министрі болып экстремистік "Хаккани желісінің" жетекшісі Саражуддин Хаккани тағайындалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер