Мәскеуде "Хизб ут-Тахрир" террористтік ұйымының өкілдері құрықталды

3698
Adyrna.kz Telegram

"Ислам азаттығы қозғалысысының" жеті мүшесі бүгін Мәскеудегі СИЗО-ға тоғытылды. Террористтік ұйымның мүшелері Мәскеуде әртүрлі діни ақпараттар мен күдікті әрекеттері кезінде қолға түсті. Бұл жайында ТАСС ақпараттық агенттігі хабарлады.

Қолға түскен "Хизб ут-Тахрир Әл-Ислами" террористтік ұйымының өкілдерінің осыған дейін сотты болғандары да бар. Арнайы барлау қызметінің мәліметінше, террористтік ұйымның өкілдері Мәскеу қаласында террорлық акт жұмыстарына дайындықты бастаған.

Ұсталған "Хизб ут-Тахрир Әл-Ислами" ұйымы өкілдерінің көбісі Тәжікстан мен Қызғызстанның азаматтары екендігі анықталды. Алдағы уақытта оларды 10-20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

 

«Адырна» ұлттық порталы  

 

Пікірлер