Елімізде әлі 6 облыс "қызыл" аймақта тұр

2780
Adyrna.kz Telegram

Соңғы тәуліктегі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша 6 облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары әлі "қызыл" аймақта. Ал Түркістан және Жамбыл облысы ғана "жасыл" аймақта деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сонымен "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары. "Сары" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары тұр. «Жасыл» аймақта - Түркістан, Жамбыл облыстары.

Айта кету керек, соңғы тәулікте 2781 адам індет жұқтырған. Бүгінде жалпы еліміз бойынша ауырғандар саны 860 424-ке жетті.

 

 "Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер