Түркістанда тұрғындар әкімді арықтан су ішуге мәжбүр етті

2784
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысындағы Алпамыс батыр ауылының тұрғындары ауыл әкіміне суармалы арықтан су берді. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Жергілікті арық тұрғындардың жалғыз су көзі. Ол Өзбекстаннан ағып келіп жатыр. Адамдар қорықса да, суды ішуге мәжбүр. Көбісінің таза ауыз суды сатып алуға жағдайы келмейді.

– Бұл арықта қаншама ит-құс өлді. Қанша қоқыс жатыр! Ішінде неше микроб бар десеңізші. Ал біз оны ішіп отырмыз. Балаларымызда ішек паразиті пайда болған, – деді Мөлдір Сатыбай.

Адамдар күнделікті не ішіп жүргендерін көрсету жергілікті әкімге бір шелек су әкеліп берді. Шенеунік суды амалсыздан ішіп, өзі де осындай жағдайда екенін айтты. Ол сондай-ақ жақында су мәселесі шешіледі деп сендірді. Әкімнің айтуынша, қазір жаңа ұңғыма бұрғылау жұмыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін үйлер таза сумен қамтамасыз етіледі. Бірақ адамдар бұған сенбейді. Олардың айтуынша, шенеуніктердің өзі жаңа құдыққа үміт артудың қажеті жоқ екенін бұрын айтқан. Ол жерде су жоқ.

– Олар су шықпайтынын біліп тұрып, қазып жатыр. Неге қазуды тоқтапайды десек, «бөлінген қаржыны игеруіміз керек» деп қана жауап береді. Иә, олар осылай деп жауап берді. Бірақ бұл ақшаны ысырап ету ғой! Оны ашық айтып отыр! – деді Гаухар Жораева.

Ауылдағы ауыз су мәселесін шешуге 893 млн теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл ақшаға олар құдық бұрғылап, 25 шақырым құбыр салып, ал ауыл тұрғындарының мәселені біржолатаға шешпек.

– Енді құдық шамамен 55-70 метр тереңдікте қазылды, әрі қарай тереңдей береді. Су міндетті түрде болады! Құдық су ағып кеткенше кез келген тереңдікке бұрғыланады, – деді Алпамыс ауылдық округінің әкімі Ерлан Әділханов.

Еске салсақ, осыдан 11 жыл бұрын шенеуніктер дәл сол жерден су шығаруға ниеттенген. Ол кезде шамамен 100 млн теңге жұмсалған. Бірақ жерден тамшы су да шықпаған.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер