Мұғалімге сыйлық жасауды тоқтату керек!

5652
Күз келіп, көптен күткен дәстүрлі мектеп, офлайн сабақ басталғанына да айға жақындады. Мектепті оқушының да, мұғалімнің де сағынғаны байқалады. Екі тараптан да ерекше құлшыныс лебі айқын сезіліп тұр.
Бүгін Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары Мырзағали Қуаныш мырзаның қатысуымен кездесу өткізілді. Себеп мынадай: мұғалімдер мерекесі жақындап келеді, осыған байланысты әр мектепте ұстаздарға сыйлық үшін ақша жиналады, осының алдын-алу керек.
Мен өзім де мұғаліммін. Сондықтан, осы жердегі түсінбестікті ашып ұғындырғым келеді.
Мұғалім "маған сыйлық керек" деп ешқашан айтпайды! Айтатын мұғалім болса, бізге немесе құзырлы органға жеткізудің тәсілі көп қой, хабарлаңыздар!
"Мұғалімдер күніне сыйлық беру" деген тақырыпты көтеретін - АТА-АНАЛАР!
Маған қарсы уәж айтатын болсаңыздар да айтайын: кінә - ата-аналардан. Өздері осы бастаманы көтереді, ақша жинайды, сыйлық алады.
Дәл сол ата-ананың біреуі осы оқиғаны құзырлы органға немесе басқа жерге хабарлайды.
Кінәлі - мұғалім боп шыға келеді.
Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары, мен қалалық білім бөлімінің басшысы ретінде биыл ешбір мұғалімге сыйлық бермеуді ұсынамын!
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы нәтижесінде мұғалімнің жағдайы айтарлықтай жақсарды. Айлығы көбейді. Қалаған сыйлығын өзі Сіздерсіз де сатып ала алады!
Сіздер сыйлаған сыйлық көңілін көтерсе де, бұл біздің елде заң бұзушылық, яғни, жемқорлық болып саналады!
Сондықтан, мені әріптестерім де, ата-аналар да дұрыс түсінеді деген сенімдемін!
Баршаңызға жақсылық тілеймін!
Бағдад СЫРЫМҚЫЗЫНЫҢ
фейсбук парақшасынан
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар