Қазақстан терроризмге қарсы халықарылық коалиция құруды ұсынды

2374
Adyrna.kz Telegram

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб пәтерінде терроризмнен азат әлемге қол жеткізу жөніндегі кодекстің алғашқы жобасын таныстырды.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. Құжатта контртерроризм бойынша  әріптес елдердің халықаралық коалициясын құру және  2045 жылға қарай БҰҰ-ның 100 жылдығы қарсаңында терроризмсіз бейбіт өмірге қол жеткізу сынды басты мақсаттар айтылған. Жобаны таныстыру және оны талқылау кезінде ұйымға мүше 100-ден аса елдің делегациясы (оның отыздан астамы БҰҰ-ның тұрақты өкілдері) қатысқан.

Осылайша  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мемлекеттер делегациялары Қазақстанның бастамасын қолдап, оны талқылауды жалғастыруға дайын екендерін білдірді.


“The Qazaq Times” 


 

Пікірлер