Жириновский: Ресейге жалынып, сыйынып отырасыңдар!

6880
Adyrna.kz Telegram

"Ұлыбритания қыста аязда қатып қалмауы үшін, Ресейге жалынып, сыйынуы керек" дейді Ресей саясаткері Владимир Жириновский. 

Еуропада газ бағасының тым қымбаттап кетуі бірқатар химия өндірісі саласындағы кәсіпорындардың жұмысын тоқтатып тастады. Бұл әсіресе Ұлыбританияға ауыр тиюде. Газ тапшылығы тасымалдауға кедергі келтіріп, Ұлыбритания қалаларында ет жеткізу және етті тоңазытқыштарда сақтау қиынға соғуда. Жанармай бекеттерінде ұзынсонар кезек пайда болған.

Жириновский бұл дағдарысқа қатысты өз ойын білдірді.

"Шешімі қандай? Лондон тез арада Шотландия, Уэльс, Ирландияға тәуелсіздік беріп, Мәскеуден 100 мың жанармай тасушыны жіберуін және полиция қызметкерлерімен қамтамасыз етуін сұрауы тиіс. Олай етпесе Ұлыбритания ел ретінде жойылуы мүмкін.  Еуропаның шығысында Камчаткадан Кавказға дейін ұлы, қуатты держава жатқанын ұмытпау керек, ол ешкімді қиындықта қалдырмайды. Ресейге сыйынып, жалыну керек!" - деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер