38 ұшақ: Қытай Тайваньға басып кірді

9075
Adyrna.kz Telegram

Қытай Тайвань елінің әуе кеңістігіне 38 шабуылдаушы ұшақпен басып кірді. Бұл екі ел арасындағы текетірестегі рекордтық көрсеткіш. Бұл туралы тайваньдық "Цзыю шибао" газеті жазды. 

Баши бұғазы арқылы кірген ұшақтар Тайвань елінің әуе қорғаныс жүйесін бақылаған. Ұшақтардың арасында J-16  және Су-30 шабуылдаушы ұшақтары, H-6 бомбалаушы ұшақтары мен KJ-500, Y-8 барлаушы ұшақтары бар. Қарсы жауап ретінде Тайвань өз ұшақтарын әуеге көтерген. Қытай ұшақтары он минуттан кейін Тайванның әуе кеңістігін тастап шыққан.

Тайвань 1949 жылдан бастап Қытайға бағынбай келеді. Гоминьдан күштері аралды алғаннан кейін коммунистік билікке қарсы болды. Осылайша олар коммунистік билік келгенге дейінгі Қытайдың туы мен өзге де белгілерін сақтап қалды. Ал Бейжің Тайваньды өзінің бір аймағы санайды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер