Қазақстандық файтер NFC турнирінде қырғызстандық қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)

833

Қазақстандық файтер Архат Мыңбаев (5-6) Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza Fighting Championship 34 турниріне қатысты, деп хабарлайды "Адырна" сайтына Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Мыңбаев қырғызстандық Мелисбек Абдрахмановпен (5-9) жекпе-жекке шықты. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген, бірақ берілген шамаға созылған жоқ: Архат Мыңбаев қарсыласын екінші раундта ауыр нокаутқа түсірді.

Осылайша, Мыңбаев кәсіпқой мансабындағы ММА бойынша бесінші жеңісіне қол жеткізсе, Абдрахманов тоғызыншы жеңілісіне ұшырады.

 

View this post on Instagram

 

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Редакция таңдауы