Қуыршақ театры – халықаралық фестивальде өнер көрсетеді

2704
Adyrna.kz Telegram

83 жылдық тариxы бар ҚУЫРШАҚ театры ағымдағы жылдың ақпан айының 1-15 күндері аралығында Алматы қаласында өтетін «ОТКРОВЕНИЕ» V Халықаралық орындаушылық өнер фестиваліне қатысады. Биылғы өнер мерекесіне Франция, Ұлыбритания, Ресей, Германия, Өзбекстан және Қазақстанның үздік өнер ұжымдары қатысып, бақ сынап, өзара тәжірибе алмаспақ. Кәсіби сарапшылардың талдауларын тыңдап, шеберліктерін аттырмақ.

Үздіктер бас қосатын драмалық, лабораториялық өнер ордаларының қатарында ҚУЫРШАҚ театрының атынан «АНА ЖҮРЕГІ» (авт.: Е.Ионов, реж.: А.Зайцев) драмалық қойылымы қатысады. Бұл – біздің ұжым үшін зор жетістік. Биылғы маусымда премьерасы өткен спектакльдің тақырыбы мен көрерменге берер ойы, мазмұны мен маңызы ерекше болмақ. Қаншама ғасыр өтсе де, өмірдің кілтін ұстап тұрған «ана» мен «бала» ұғымы ешқашан құндылығын жоғалтқан емес. Ана балаға, бала анаға тәуелді. Бірақ, бүгінгі заманда біз бұл түсінікті қалай қабылдаймыз?!. Міне, осы сауалға жауап іздейтін қойылым қуыршақтар бейнесінде тіл қатып, көрерменге ерекше әсер қалдыратыны анық.

Аталмыш қойылым 2 ақпан күні, сағат 11:00-де театр сахнасында фестиваль қатысушылары мен қонақтарының, сарапшылардың назарына ұсынылады.


Мемлекеттік қуыршақ театрының

«Даму және көрермендермен байланыс» бөлімі 

Байланыс телефоны: +7 (717) 234-79-22

+7 775 628 28 48

Пікірлер