Қанатын кеңге жайған зауыт

1214
Adyrna.kz Telegram

Отандық өнім, сапалы тауар, қолжетімді баға! Бүгінде Шымкентте тұрғындар тарапынан өзімізден шыққан өнімге деген сұраныс жоғары. Осы орайда іргелі кәсіпорындардың да қатары артып келеді. Бүгінде «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан «ЮгПласт» зауытының жұмысы қарқынды.

«ЮгПласт» ЖШС - 2012  жылы полиэтиленді құбыр өндірісін бастаған зауыттардың бірі. Мұнда құбырдың су, газбен жабдықтау, кәріс жүйесіне арналған  түрлері шығарылады. Кәсіпорында орнатылған құрылғылардың көмегімен жылына 8 мың тонна өнім дайындалады. Жылдық айналымы 2 млрд теңге. Кооператив тоғыз жылдан бері сауда нарығында қызмет етіп келеді. Мекеме басшысы қажетті шикізатты Ресей мен Ираннан  әкеледі.  Ал тауарға тапсырыс берушілердің басымы – Түркістан, Қызылорда, Тараз, Шымкент қалаларының құрылыс компаниялары.

Нұрлан Темірбаев – «ЮгПласт» ЖШС зауытының инжинер-технологы - «Алдағы уақытта экспортқа шығару жоспарымызда бар. Диаметрі 20-дан 630-ға дейін құбырлар шығарамыз»

Аталған зауыт «Жол картасы – 2020» және индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларының  қолдауымен  жүзеге асырырылған. Бүгінде өндіріс ошағының өнімдері тұтынушының бар талабына сай.  Әрі бағасы да қолжетімді. Зауыт басшысы  тауардың санына емес, сапасына аса көңіл бөледі. Сондықтан болар  өнімге берілетін кепілдік мерзімі – 50 жыл. Яғни ұзақ уақытқа жарамды. Нұрбол Ермахан - «ЮгПласт» ЖШС зауытының операторы – «Зауытта 1 жылдан бері жұмыс жасаймын. Заманауи технологиялармен жабдықталған. Жақында ғана вакцинаның 2-ші компонентін қабылдадым»

Қазіргі таңда зауытта 19 адам жұмыс істейді. Зауыт басшысы алдағы уақытта қуаттылығын арттырып, жұмыс күшін көбейтуді көздеп отыр. Айтып өтейік, сапалы өнім шығаратын техникалар арнайы Германиядан әкелінген. Бұл құрылғылардың көмегімен сапалы әрі ұзақ уақыт бойы қызмет ететін құбырлар шығарылады.

 

Айдана Қуанышқызы                          

Пікірлер