Жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын

1393
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте 500 орынға арналған білім беру мекемесінің құрылысы аяқталуға жақын. Аталған мектеп Абай ауданы, «Құрсай» шағын ауданында орналасқан. Нысанның сапасы мен уақытылы орындалуын бақылау мақсатында «Nur Otan» партиясы Фракциясының мүшелері мен мәжіліс депутаттары оқу орнының құрылысымен танысты.

Аталған мониторингтік шара «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында  іске асырылды. Оған  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұхтар Ерман, Ғани Ташқараев және  Берік Бекжанов қатысты. Құрылыс нысаны Абай ауданындағы үш ауысымды мектептер мәселесін түпкілікті шешу мақсатында жүргізілуде. Жаңадан салынып жатқан нысан пайдалануға берілсе «Құрсай» шағын ауданындағы көптеген оқушының көпшілігінің бір ауысымда білім  алуына мүмкіндік тумақ. Бүгінде  бұл аудандағы шағын балалардың саны 3112-ге жеткен. Қазіргі таңда жаңа  оқу ғимаратының  құрылыс жұмыстары 60%-ға аяқталып, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар оқу ғимаратының жанынан жаңа үлгідегі спорт залының құрылысы да қарқынды жүруде.Мектеп осы жылдың аяғына дейін ел игілігіне тапсырылады.

 

Айдана Қуанышқызы                                                  

Пікірлер