Отан отбасыдан басталады

1289
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан жас отбасылардың ажырасу көрсеткішінен Азия елдерінің алдыңғы қатарында. Бұл қоғамның өзекті мәселесі болып тұр. Отан отбасыдан басталады. Жанұядағы тәрбие мемлекеттің келешегіне ықпал етпек. Шымкентке ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы арнайы іссапармен келді. Ләззат Рамазанова қала әкімдігінде қоғам өкілдерімен кездесіп отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесін талқылады.

Мемлекет басшысы әйел мен балалардың құқығын қорғау мәселесін жіті назарға алып отыр.  Отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында азаматтық қауымдастықтармен талқылау жүргізу керектігін қадап айтқан болатын. Осыған орай Шымкентке арнайы іссапармен келген ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы  Лаззат Рамазанова қоғам өкілдерімен кездесті.

Спикер: Ләззат Рамазанова - ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы

Бар мақсатымыз президенттің алдына қойылған тапсырма. Әр өңірдің өз проблемасы бар. Сонымен бірге бәрімізге ортақ дүние отбасының амандығы

«Отбасы мектебі» отбасылық құндылықтарын нығайту» жобасы аясында өткен кездесуге қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және жергілікті атқарушы органдардың басшылары арнайы қатысты. Сонымен қатар  қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті полиция қызметкерлері, дағдарыс орталықтары мен белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріде жиынға келді.  Қала әкімінің бірінші орынбасары бұл жиынның маңыздылығын атап өтті.

Шыңғыс Мұқан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Қоғам арасында кеңінен талқылау жүргізіп қоғамның пікірін ескеруді атап өткен болатын.

Отбасындағы ата-ананың рөлі, қоғаммен байланыс, отбасы институтын нығайтуға бағытталған заң нормаларын жетілдіру мәселесін талқыланды. Сонымен қатар, жиынға қатысқан Республикалық Әкелер одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет қоғамның өзекті мәселелеріне тоқталды. Соның бірі отбасылардағы неке бұзылуы. Қазақстан ажырасу көрсеткешінен азия елдерін басып озып, шығыс европамен иық тіресіп қалған.

Мақсұтбек Айтмағанбет - Республикалық Әкелер одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Ресейде 4,7 Белорусияды 3,4  Украйнада 3,1 Литва 3 АҚШ та 2 сол жақтан болып тұр

Сондай ақ жиында Street Law Kazakhstan бағдарламасының тренері, заңгер Медет Усеров, «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Айжан Мұқатаева, теледәрігер, эндокринолог, anti-age эксперт Гүлжан Аманбай өз ойларымен бөлісті.  Саналы отбасы және әкенің бала тәрбиесіне араласуы, психологиялық мәселелер тақырыбында пікірлерін білдірді. Кездесу соңында «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының жобасы талқыланып, ұсыныстар жинақталды.

 

К. Дүйсенбі

Пікірлер