4 ауданда мобильдік топ жұмыстары қарқынды

1088
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының 4 аудан әкімі баспасөз орталығында қаламызда жүргізіліп жатқан мобильдік топтардың жұмысына қатысты брифинг өткізді. Олардың айтуынша, карантин тәртібін өрескел бұзатын азаматтар тізімінде тойхана иелері көш бастап тұр. Дерттің дендеп, аурудың асқынып бара жатқандығына да, дәл осы той-жиындардың тоқтамауы себеп болып тұр. Осы тақырып аясында және жаңа қаулыға сәйкес карантин талаптарына енген өзгерістер жайында әріптесім айтсын.

Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері өз аудандарында жүргізіліп жатқан мониторингтік топтың жұмыс нәтижесімен бөлісті. Бір ғана Абай ауданында жыл басынан бері  6578 нысанға тексеру жүргізіліп, 519 нысанға 29,4 млн.тг көлемінде  айыппұл салынған.

Бұхарбай Парманов – Абай ауданының әкімі

Әл-Фараби ауданында да дәл сондай 10 мобильді топ жұмыс істейді. Аудан аумағында соңғы бір айда карантин талаптарын бұзған 172 кәсіпкерлік нысан анықталып, 84-іне айыппұл салынған. Оның ішінде ережені елемей, өзгелер өмірін қауіпке тігіп, той-жиын өткізген тойхана иелері де бар. Соңғы күндері, дәл сондай азаматтармен қатаң жұмыс жасалып жатқандығын айтады аудан әкімі.

Рашид Мыңбаев - Әл-Фараби ауданының әкімі

Мониторингтік  жұмыстар Еңбекшіде де екпінді. Мобильдік топтар 28 маусым - 28 шілде аралығында 13 ірі сауда үйлері мен базарларда, 3487 нысанға мониторинг жұмыстары жүргізіліп, карантин режимінің бұзылған 113 жағдай анықталды. Ал, Қаратауда  карантин талаптарын бұзған 115 кәсіпкерлік нысан анықталып, 62 нысанға айыппұл салынған. Тіпті, бүгінге дейін бірнеше рет ережені бұзған тойханаларға да тосқауыл қойылыпты.

Абзал Әліқұлов – Қаратау ауданының әкімі

Мониторнгтік топтардың мақсаты – ковид-19 инфекциясының белең алуына жол бермей, карантин тадаптарының сақталуын қадағалау- дейді аудан басшылары. Қазіргі таңда 4 ауданда 10 мобильдік топ үздіксіз жұмыс істеп тұр. Арнайы қызметкерлерден бөлек, оларға волонтерлар да бекітілген екен.

 

Пікірлер